• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2015

Еуразиялық экономикалық одақ шеңбері кеңейе түсті

507 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасы Мәскеуге ресми сапармен келді. Онда Елбасы ТМД-ға мүше елдер Мемлекет бас­шылары кеңесінің бейрес­ми саммитіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық эко­но­микалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысты. Ал ертең Ұлы Отан соғысындағы Же­ңіс­тің 70 жылдығына арнал­ған әскери шеруге қаты­сады.

ТМД-ға мүше елдер Мем­ле­кет басшылары кеңесіне биыл Қазақстан төрағалық етіп отыр­ғаны белгілі. Осыған орай ресми кездесу алдағы қазанда біздің елде өтеді. Сондықтан кешегі кездесу бейресми деп аталды.  Саммитке ТМД Мемлекет басшылары түгел жи­налған жоқ. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Пре­зи­денті Владимир Путин, Бела­русь Президенті Александр Лука­шенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов, Тәжік­стан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ТМД Атқару коми­те­тінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысты.

Жиынды бастаған Ресей Президенті В.Путин әріптестеріне келгендері үшін алғысын айтып, барша ТМД халқына Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай құттықтауын жолдады. Осы ретте ол 2014 жылдың ақпанында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары тарапынан мақұлданған Жеңістің 70 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу жоспарын іске асыру бойынша ауқымды бірлескен жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Отан үшін отқа түскен ардагерлерімізді ардақтау бұл мерекемен ғана шектеліп қалмауы керектігіне тоқталып, Ұлы Жеңістің баршамызға үлкен тарихи маңызы бар екендігін алға тартты. Қысқаша алғысөзден кейін Ресей Президенті бұдан әрі сөз тізгінін ТМД-ға мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің іс жүзіндегі төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды.

Елбасы лауазымына қайта сай­ланғанынан бергі бұл Нұр­сұлтан Назарбаевтың алғашқы ресми сапары. Осыған орай В.Путин сөз реті келгенде Қазақстан Пре­зидентін сайлаудағы жеңісімен құттықтап өтуді де ұмытпады. Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде бұл жолғы кездесу ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

– Қасіретті соғыс жылдарын­да біздің халықтарымыз на­цистік қатерге қарсы біртұтас болып жұмылды. Соғыстың негіз­гі ауыртпалығы нақ осы біздің елдерімізге түсті. Біздің әке­леріміз бен аталарымыз жеңді. Егер олар жеңбегенде саясат пен экономика қандай бағытта дамитыны, біздің халықтарымыз қазір қайда болатыны белгісіз еді. Басшылары осында отырған барлық елдер секілді Қазақстан да Ұлы Жеңіске зор үлес қосты.

Сол кезеңдегі халқымыздың 20 пайызға жуығы – бір жарым миллион адам майданға аттанды, соның жартысы ғана оралды. 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Өзге елдермен қатар Қазақстан да қарулы күштердің сенімді тылына айналды. Бұл жеңіс баршамыз үшін – ардагерлерге де, жастарға да маңызды, – деді Қазақстан Пре­зи­денті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, қазіргі кезде жекелеген саясаткерлер мен мемлекеттердің соғыс қорытындысын тарихи деректерді бұрмалау арқылы қайта қарауға ұмтылысы байқалып отырғанына тоқталды.

«Өкініштісі, соңғы уақытта кейбір саясаткерлер мен мем­ле­кет­тердің Ұлы Отан соғысы­ның қорытындысына тексеру жүргізгісі келіп, тарихи фак­тілерден ауытқып, бұрмалауы байқалады. Меніңше, біздің бәрі­міз үшін мұндай әрекет ешкім­ге абырой әкелмейді. Біз Жеңіс туралы ақиқатты бірлесіп сақтауға, болашақта осындай қасіретті болдырмас үшін келесі ұрпаққа айтып жеткізуге тиіспіз. Бүгінде біз өткен тарихтан барлығы сабақ алмағанын көріп отырмыз, өткеннің қателіктері қайталанып жатыр. Біз күрделі кезеңде тұрмыз, тұрақсыздық ошақтары ұлғайып келеді, жаңа шиеленістер туындауда. Мәселені дипломатиялық жолмен емес, күшпен шешуге ден қойылуда, бұл өте қатерлі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті бұдан әрі қазіргі заманның елеулі сын-қатері ауқымы жаһандық сипат алған халықаралық терроризм болып отырғанына назар аударды.

– Қауіп-қатер көптеген мем­лекеттердің ішкі саяси тұрақ­тылығы мен бейбіт дамуына төніп тұр. Мұндай жауыздыққа тек жұмылған күш-жігер арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Қазіргі кезде ТМД аясында терроризмге қарсы әрекеттің ұйымдасқан кешенді жүйесі құрылды. Осыған байланысты біздерге қалыптастырған Достастық тетіктерінің тиімділігін арттыру қажеттілігі туындайды, – деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев баршаны алдағы мерекемен құттықтады.

– Барлық қазақстандықтар сияқты мен үшін де Ұлы Отан соғысындағы жеңіс әрдайым қаһармандықтың және біздің халықтарымыздың бірлігінің символы болып қала береді. Сол жылдары көрсетілген батырлық пен ерлік, жанқиярлық пен Отанға деген сүйіспеншілік әскери-патриоттық тәрбиенің іргелі негізі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.

Саммитте одан әрі президенттер кезек-кезек сөз алып Дос­тастыққа қатысушы мем­ле­кеттердің өзара іс-қимылына байланысты негізгі мәселелерді талқылады. Бұл Ұлы Отан со­ғысындағы Жеңістің 70 жыл­дығын тойлау алдындағы жиын болғандықтан, Мемлекеттер басшылары талқылаған мәселелердің негізгісі Ұлы Отан соғысы тө­ңі­регіндегі әңгімелерге түйісті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жайын талқылап, Кеңес    нда сонымен қатар, ЕА­ЭО-ның интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру және мүше мемле­кеттердің бәсекелестік артық­шылықтарын дамыту мақсатында ЕАЭО елдерінің болашақтағы эко­номикалық дамуының негізгі бағыттары талқыланды. Ол қазіргі экономикалық жағдайларда ЕАЭО-ға мүше әр мемлекетке қосымша экономикалық тиім­ділік алу үшін жаңа серпін бермек. Сол сияқты ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттердің дағдарысқа қарсы бағытқа ие негізгі макро­экономикалық бағдарлары да талқыланды. Бұл құжат әлемдік экономикада, сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономика­ларында да байқалып отырған дағ­дарыс көріністерін ескере оты­рып қалыптастырылады. Ол мүше мемлекеттердің макро­эко­номикалық тұрақтылығын қам­та­масыз етуді, интеграциялық үдеріске қатысушы мемле­кет­тер­дің экономикалық өсімін қалпына келтіру үшін жағдайлар жасауды көздейді.

Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Жоғары Еура­зиялық экономикалық кеңесте сөй­леген сөзінде теңдік, мүдде­лерді ескеру, прагматизм мен кезең­ділік қағидаттарына негіз­дел­ген интеграциялық бірігудің әлемдік дағдарыстың күрделі жағ­дайларында ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттердің экономикасын нығайта алатынына сенім білдірді.

Сөз басында Қазақстан басшысы кездесуге қатысу­шы­ларға жылы лебізін арнап, ресей­лік тарапқа посткеңестік елдер­дің барлық халықтарын Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге қатысуға шақырғаны, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шешім қабылданған соң ЖЕАЭК-тің алғашқы отырысын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

– Мен сіздерге барлық ха­лық­тарды Ұлы Жеңістің 70 жыл­дығын атап өтуге қатысуға шақырғандарыңыз, сондай-ақ бүгінгі кездесуді – Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шешім қабылданғаннан бергі Одақтың алғашқы отырысын ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына сәлемімді жолдап, оларға табыс тілеймін, – деді отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

– Келісімге қол қойылған күннен бері бір жыл уақыт өтті, бүгін Еуразиялық экономикалық одақты құрған күннен бері алғаш рет отырыс өткізіп отырған күні­міз айтулы күн. Беларусьтік тарап­тың төрағалығымен жобамыз­ды іске қосқаннан бері төрт айдан астам уақыт өтті. Біз жария­лаған қағидаттарға – теңдік­ке, мүдделерді ескеруге, праг­матизм мен кезеңділікке негіз­дел­ген интеграциялық бірігу әлем­дік дағдарыстың күрделі жағ­дай­ларында біздің мемлекеттеріміздің экономикасын нығайта алатынына сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар, «біздің экономикалық одағымыздың толыққанды жұ­мысы басталғаннан бері оның қатары толыққанын, оған Армения және Қырғыз республикаларының қосылғанын» атап өтті.

«Біріккен ынтымақтастық болашақта біздің елдеріміздің байланыстарын нығайтып, жалпы Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қуатты серпін беретініне сенімім мол», – деп атап өтті Елбасы.

Жиын қорытындысында Мемлекет басшылары бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Соның бірі – ЕАЭО-ның ортақ электр-энергетикалық рыногын қалыптастыру тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманы бекіту 2019 жылы құрылатын ЕАЭО-ның ортақ электр-энерге­ти­калық рыногын құруға кірісу үшін жағдай жасайды. Ол болашақ­та мемлекеттердің электр-энер­ге­тикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етпек. Қазақстан үшін ол сондай-ақ, саланың экс­порт­тық әлеуетін жүзеге асыру мүм­кіндігін береді. ЕЭК Кеңесі­нің отырысы шеңберінде болашақ­тағы негізгі мақсаты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тасымал­дау­шыларының Одақ ішіндегі қызмет көрсетулерге қолжетімділігін жеңілдету болып табылатын Автомобильмен жүк тасымалдауды сатылап бейтараптандыру бағдарламасы қолдау тапты. Ол бизнес үшін көлік шығындарын төмендетуге жағдай жасайды. Қазақстан бұл бағдарламаға 2025 жылдан бастап қосылады деп күтіліп отыр.

Жоғары Еуразиялық эконо­ми­калық кеңестің Мемлекет басшы­лары деңгейіндегі кешегі отыры­сының басты жаңалығы – Одақ­тың қатары тағы бір мемле­кетпен толықты. Яғни, осы күн­ге дейін талай талқыға түскен Қырғыз Республикасы Еу­ра­зия­лық экономикалық одақ­тың мүшелігіне қабылданды. Осы­лайша үштік болып құрылған одақ бестік боп бекіді.

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.